Сіз Swype арқылы әртүрлі бірқалыпты осы төрт режимдер арасында Сырғыту, Сөйлеу, Жазу немесе Түрту ауысу мүмкіндігіңіз бар.
-
Swype
Swype – жылдам мәтін енгізуі үшін. Ол әріптерді сызып шығу арқылы сөзді енгізуге мүмкіндік береді. Саусағыңызды сөздің бірінші әрпіне қойып, әріптен әріпке сызық салып шығып, саусағыңызды соңғы әріптен кейін алыңыз. Swype қажет жерге бос орындарды қойып шығады.
Қосымша мәлімет алу-
Swype пернесі
Swype пернесі – Swype белгісі көрсетілген перне. Swype параметрлеріне қол жеткізу ұшін Swype пернесін басып ұстап тұрыңыз.
Swype пернесі көптеген Swype ымдарын бастау үшін қолданылады.
-
Swype қимылдары
Swype қимылдары ол пернетақтадағы негізгі тапсырмаларды жылдам орындау ушін арналған таңбашалар.
- Өңдеу пернетақтасын орнату Өңдеу пернетақтасын алу үшін
пернесінен пернетақтадағы Таңбалар пернесіне (+!=) сырғытыңыз.
- Сандық пернетақтаны орнату Сандық пернетақтаны жылдам ашу ушін,
пернесінен 5 санына сырғытыңыз.
- Пернетақтаны жасыру Пернетақтаны оңай жасыру ушін Swype пернесінен backspace пернесіне сырғып өтіңіз.
- Автоматты түрде жасалатын аралық енгізілуін өшіру Space key пернесінен Backspace пернесіне сырғыту арқылы келесі сөздің алдынан автоматты түрде жасалатын аралықты жасыру.
- Сөздің регистрін ауыстыру Сөзді түрту арқылы енгізгеннен кейін оның регистрін өзгертіңіз, одан кейін
пернесінен Shift пернесіне
сырғытыңыз. Кіші әріппен, Бас әріппен немесе Барлығын бас әріппен жазу ішінен таңдауға мұмкіндік беретін Бас әріппен енгізу параметрлері көрсетілген Сөзді таңдау тізімі ашылады.
- Тыныс белгілері Тыныс белгісін енгізудің қарапайым жолы оны басудың орнына сұрақ белгісінен, үтірден, нукте немесе басқа тыныс белгілерінен бос орын пернесіне бірден сырғыту болып табылады.
- Қолданба таңбашаларыGoogle Maps:
пернесінен 'g' пернесіне, одан кейін 'm' пернесіне сырғыту
- Соңғы тілге ауыстырылғаны қолдануда.Бірнеше тілді қолданып жатқан кезде өткен тілге тез өту үшін
нан Бос орын пернесіне өту.
- Өңдеу пернетақтасын орнату Өңдеу пернетақтасын алу үшін
-
Қос әріптерді енгізу
Қос әріптерді енгізгенде дәлдікке жету ушін әріптің үстінен сәл сүйкеңіз немесе бұралаңдаңыз. Мысалы, "ұлттық" сөзіндегі "тт" әріптерін енгізу ушін "т" түймешігінің үстінен сүйкеп сырғыңыз.
-
Сөзді таңдау
Сөзді таңдау тізімінен ұсынылған әдепкі сөз нұсқасын қабылдау үшін сырғуды жалғастыру қажет. Әйтпесе тізім арқылы саусағыңызбен шарлап өтіп, қажетті сөзді таңдауға болады.
-
Сөздерді бас әріппен енгізу
Сөзді бас әріппен жазу ұшін саусағыңызды бірінші әріпке орнатып, соңғы әріптен пернетақтаның жоғары жағына қарай сырғып, келесі әріпке қарай жылжып, саусағыңызды алмай, теруді жалғастырыңыз.
Сөзді түрту арқылы енгізгеннен кейін оның регистрін өзгертіңіз, одан кейін
пернесінен Shift пернесіне
сырғытыңыз. Кіші әріппен, Бас әріппен немесе Барлығын бас әріппен жазу ішінен таңдауға мұмкіндік беретін Бас әріппен енгізу параметрлері көрсетілген Сөзді таңдау тізімі ашылады.
CAPS Lock режимін таңдау ұшін небәрі Shift пернесін екі рет басу қажет
.
-
Автоматты түрде жасалатын аралық
Swype сөздердің арасына сіз келесі сөзге сырғып өткенде бос аралықты автоматты тұрде орнатады. Авто-бос орын орнату мумкіндігін Swype параметрлері ішінен қосуға немесе өшіруге болады.
Авто-бос орын орнатуды бір сөз ушін Space пернесінен Backspace пернесіне сырғып өшіруге болады.
-
Сөзді ауыстыру
Сөзді түрту арқылы ауыстырып, қажетті сөзді Сөзді таңдау тізімінен таңдаңыз, немесе, сөзді жай бөлектеп жаңа сөзді сырғытып еңгізіңіз. Жаңа сөз дұрыс емес сөзді ауыстырады.
Сөзді түрту және
пернесін түрту немесе сөзді екі рет түрту арқылы бөлектеуге болады.
-
Әріптер арасында секіріп өту
Сырғу кезінде әріптер устімен суйкемеу бастапқы қажет сөзді енгізуге мумкіндік береді.
Мысалы, "өңделді" және "өңдеді" сөздері бір жолмен сырғып енгізіледі, бірақ бір әріптен екіншісіне тұзу жолмен сырғудың қажет еместігін есте сақтаңыз. "д" әрпіне сырғу кезінде "л" әріпіне тимеу "өңдеді" сөзі Сөзді таңдау тізімінде бірінші болып тұрғанына көз жеткізеді.
-
Балама таңбалар
Пернені ұ және ё сияқты екпін белгісі бар әріптер, @ және % сияқты таңбалар және сандар үшін баламалы таңбалар тізімін шығару үшін басып тұрыңыз.
Таңбалар пернетақтасына өту үшін Таңбалар пернесін (+!=) түртіңіз.
Бұл таңбалардың БАРЛЫҒЫ негізгі пернетақтадан сырғи алатынын есте сақтаңыз (олардың көрінуі не көрінбеуіне байланыссыз). Пернетақтаның бұл көрінісін пайдаланып сырғып енгізу мумкін, бірақ тек бір сан немесе таңбасы бар сөздерді енгізе аласыз.
-
Сөздерді қосу және жою
Swype жеке сөздігіңізге пайдаланатын жаңа сөздерді өзі қосады.
Сөзді оны бөлектеу және
пернесін түрту арқылы қосуға болады. Сөзді қосу ұшін көрсетілетін еске салғышты басыңыз.
Сөзді жою үшін Сөз таңдау тізіміндегі сөзді басып тұрыңыз да, растау терезесіндегі OK пернесін басыңыз.
-
Жеке теңшеулер
Swype сөздігіңізге Facebook, Twitter, Gmail және алдыңғы SMS хабарларынан сөзді жылдам қоса алады. Swype пернетақтасын теңшеу үшін:
-
пернесін басып ұстап тұрыңыз.
- Swype параметрлері мәзірінен Жекелеу тармағын таңдаңыз.
- Жеке теңшеу параметрлерін таңдап, тіркелгі деректеріңізді сұралса енгізіңіз.
- Swype пернетақтасын бір немесе барлық көздерден теңшеуге болады.
-
-
-
Сөйлеу
Мәтін мазмұнын енгізу үшін барлығын мәтін мен эл.пошта хабарларынан бастап Facebook және Twitter жаңартуларына дейін сөйлей аласыз.
Қосымша мәлімет алу-
Тыныс белгілері
Тыныс белгілерін қолмен енгізудің қажеті жоқ. Қажетті тыныс белгіні сөйлеңіз де, жалғастырыңыз. Мынаны көріп істеңіз.
- дауыс пернесін басып, сөйлеуді бастаңыз.
- Мынаны айтсаңыз: Кешкі ас өте дәмді болды леп белгісі
- Мынаны аласыз: Кешкі ас өте дәмді болды!
-
Дауыс енгізу кейбір пернетақталарда қолданылмайды
-
-
Жазу
Саусағыңызбен әріптер мен сөздердә сызсаңыз, Swype оны мәтінге айналдырады. Әріптерді солдан оңға қарай немесе бір бірінің үстіне салуға болады. Әріп және таңба режимі арасында ауысу үшін АБВ / 123 басыңыз.
Қосымша мәлімет алу-
Қолжазба мүмкіндігін қосу
- Swype параметрлерін ашу үшін Swype пернесін басып ұстап тұрыңыз.
- Параметрлерді таңдап, "Қолжазбаны қосу" параметрін тексеріңіз
- Swype пернетақтасына оралып, қолжазба пернесін басыңыз.
- Әріптерді қолжазба аймағына саусағыңызбен сызыңыз.
- Әрбір сөз арасындағы бос орын пернесін түртіңіз
-
Көп түрту қимылдары
Көп түрту қимылы сөздерді немесе әріптерді үлкен әріппен жазу сияқты қарапайым тапсырмаларды аяқтауға мүмкіндік береді.
- Кейбір кіші әріптерді сурет салу тақтасына сызыңыз
- Таңбаларды енгізгеннен кейін екі саусағыңызды жазу аймағында жоғары қарай сырғытыңыз
- Қолжазба мүмкіндігі көп түрту қимылын таниды және әріптерді үлкен әріппен жазады
-
Қолмен жазу кейбір пернетақталарда қолданылмайды.
-
-
Түрту
Қолмен теру пернетақтаның дәстүрлі үлгісі. Swype пернетақтасындағы түртіп енгізу кейбір мүмкіндіктер арқылы оңай әрі тиімдірек болады:
Қосымша мәлімет алу-
Ұқыпсыз теруді түзету
Әрбір әріпті толық түртудің қажеті жоқ. Тырысып көріңіз, Swype сөз ұсыныстарын өзі қамтамасыз етеді.
-
Сөз аяқтау
Оған қоса, Swype бірнеше әріп терілген кезде сөзіңізді тануы мүмкін.
-
-
Тілдер
Пернетақтадағы тілдерді ауыстыру үшін: Бос орын пернесін басып ұстап тұрыңыз. Қажетті тілді қалқыма мәзірінен таңдаңыз.
Қосымша мәлімет алу-
Белсенді тілдеріңізді өзгертіңіз
Бос орын пернесінен қол жетімді тілдерді өзгерту үшін:
-
пернесін басып ұстап тұрыңыз.
- Swype параметрлері мәзірінен Тіл параметрлер тармағын таңдаңыз
- Қажетті тілдер жинағына құсбелгі қойыңыз немесе құсбелгіні алыңыз
-
-
-
Swype connect
Swype Connect бізге жаңартулар мен қуатты функцияларды дәл құрылғыңызға жеткізуге мүмкіндік береді! Swype Connect 3G желісі арқылы жұмыс істеген кезде, біз әрдайым WiFi байланысын табуды ұсынамыз.
Қосымша мәлімет алу-
Тілдерді жүктеу
Swype пернетақтасына қосымша тілдерді қосу оңай:
-
пернесін басып тұрып, Тіл параметрлерін таңдаңыз.
- Тіл параметрлер мәзірінен Тілдер жүктеу параметрлерін таңдаңыз.
- Тілді таңдаңыз, жүктеу автоматты түрде басталады.
-
-
Swype Connect мүмкіндігі барлық пернетақталарда қолданылмайды.
-
-
Қосымша көмек
Swype пайдалану бойынша қосымша көмек алу ушін www.swype.com торабындағы Swype пайдаланушы нусқауы мен Swype анымақтамалары және бейне материалдарды қараңыз немесе forum.swype.com мекенжайы бойынша орналасқан онлайн Swype форумына кіріп тексеріңіз.